Бүгін Қызылорда облысының Нағи Ілясов аулында өткен Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келесі аптадан бастап қаланың 7 мыңға жуық азаматына жер телімдерінің берілетіндігін мәлімдеді.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Сол жылы геологиясы тексеріліп, келесі жылы 234 миллионға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. 2015 жылы облыс басшылығы Үкіметте, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінде бюджеттік өтінімдерімді қорғап шықты. Осының арқасында биылғы жылға 9,9 млрд теңге бөлу туралы шешім шығарылды.
– Жақында конкурс өтті. Осының аясында жаңағы 980 гектар жерге 75 шақырым жол, 353 шақырым ауыз су желісі, 102 шақырым газ құбыры, 150 электр желісі және бір дана трансформатор 1-желтоқсанға дейін салынып бітеді.
Құдай қаласа, келесі дүйсенбі, шілденің 4-і күні Қызылорда қаласының 6600 азаматына жер телімдерін табысталады. Жаңа мөлтек ауданында. 36 мың халық тұратын жаңа мөлтек ауданы пайда болады. Бұл өте жақсы жетістік деп ойлаймын, – деп атап көрсетті Қырымбек Көшербаев.