Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесуi өтiп жатыр.
Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесуi өтiп жатыр.
Жер реформасы жөніндегі комиссияның Қызылорда облысындағы отырысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық етіп отыр деп хабарлайды BNews.kz.
Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырыстарында Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жекеменшiкке сату және шетелдiктерге жердi 25 жылға жалға беру мәселелерi талқыланып жатыр.
Жер реформасы жөнiндегi комиссия Президенттiң тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Комиссия құрамында төрт жұмыс тобы бар, оларға Ақылбек Күрiшбаев, Мұхтар Тайжан, Дос Көшiм және Мұрат Әбенов жетекшiлiк етедi.
Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына биыл жылдың соңына дейін мораторий жариялады.
Кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырған болатын.
Кеше Мемлекет басшысы жер кодексiнiң дау тудырған нормаларының қолданысын тоқтата тұратын заңға қол қойды.