Соңғы жағдайлар қазақстандықтардың жазғы демалыстарын жоспарлауына ықпалын тигізген сияқты.
Мамандар сыртта дем алатын отандық туристер саны екі есе азайғанын айтуда деп хабарлайды “Хабар” арнасы.
Әдетте сұранысқа ие Түркия бағыты бұрынғыша көпті қызықтырмауда. Онда баруға қандай да бір шектеу не тыйым жоқ. Әуе компаниялар да ұшуын жалғастыруда. Бірақ туристерді қауіпсіздік мәселесі алаңдатып отыр.
Ал еліміздегі демалыс орындары жағдайды өз пайдаларына шешуге кірісті. Атап айтсақ, қызмет құнын 5-10 пайызға арзандатып, барынша көп адам тартуға тырысып жатыр. Жалпы орта есеппен алғанда жылына 500-600 мың отандасымыз арнайы орындарда дем алады. Бұл – сыртқы және ішкі туризмді қоса алғандағы сан.