Моңғолияда өткен Парламент сайлауында елдегі басты оппозициялық партия жеңіске жетті.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Олар Парламенттегі 76 мандаттың 63-ін иеленген. Енді Моңғолияның Халық партиясы Үкімет жасақтап, жаңа Премьер-министр тағайындауы тиіс.
Айта кеткен жөн, соңғы уақытта Моңғолия экономикасы қиын қыстау күндерді бастан өткеруде. Тау-кен өндірісінде қарқынды даму байқалғанымен Халықаралық валюта қоры ел экономикасының өсімі тежеліп қалғанын көрсетіп отыр. Сондықтан халық жаңа партия жағдайды өзгертеді деп сенеді. Саяси науқанға жергілікті тұрғындардың 70 пайызы қатысқан.