Қарағанды облысында бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
“26-маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Гүлшат елдімекенінде террористік актіні жүзеге асыруды жоспарлаған радикалды топ өкілдері құрықталды”, делінеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
“Одан басқа зардап шегіп, мерт болғандар жоқ. Лаңкестік топтың өзге өкілдері ұсталды. Олардан жарылғыш заттар, мылтық және өзге де дәлелді заттар тәркіленді. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу ісі әлі жалғасып жатыр” делінген баспасөз хабарламасында.