Биылғы грант жеңіп алып, мемлекет қазынасы есебінен оқыған талапкерлер мемлекетке қарыз болмайды. Алайда келесі жылдан бастап грантқа түскендерге кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелетін болады.
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
– Мемлекет 2017 жылы грантқа оқуға түсетіндерден болашақта еңбекке араласу деңгейіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ішінара мемлекеттік тапсырыстың бөлінуін де қайта қарайды. Гранттар әр аймақтағы еңбек нарығындағы талап бойынша бөлінбек. Осының арқасында университет түлектері жылдам жұмыс орнын таба алады, – дейді ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров.