Шымкент қаласында жаяу жүргіншіні қағып, нәтижесінде алған жарақатынан 17 жастағы қыз қаза болды.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
“2016 жылдың 25 маусым күні Шымкент қаласы Тәуке хан мен Қарасу көшелерінің қиылысында “Мерседес-бэнц 300″ маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1983 жылғы облыс орталығынң тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үш бала зардап шеккен, жергілікті тұрғындар: 1999 және 2015 жылы туылған қыздар мен 2000 ж.т. ер бала”, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 17 жастағы қыз алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда есін жинамаған қалыпында қаза болады. Өзге екі жасөспірім дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.
Полицейлер аталған жайтты СДТТБ тізіміне тіркеп, ҚР ҚК 345-бабымен “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасының кінәлі азаматы, “Мерседес” автокөлігінің жүргізушісі қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.