Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
6
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

“Сібір жарасынан” қаза тапқандардың отбасына 400 мың теңге материалдық көмек берілмек

Обылыс әкімі карантин 8 шілдеге дейін созылатынын айтты.
Н. Әбдібеков сондай-ақ ветеринарлық қызмет жұмыстарында кемшіліктер барын мойындады.

«Мамандар тапшылығы бар. 775ветеринардың орнына облыс бойынша небары 599-ы ғана жұмыс істеуде. 107 мал қорымы бар. Ағымдағы жылы оны ұстауға облыстың қалалары мен аудандарында 25,5 млн теңге бөлінді»

– деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар, АШМ мәліметіне сәйкес өңірде қоршалмаған 10 мал қорымы бар. Ол адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. «Қазақстанда 2 мыңнан астам мал қорымы болса, оның 739-ы қоршалмаған. Қарағанды облысы бойынша – 10, оның ішінде Успенское ауылдық округі (Еркіндік ауылы осында кіреді) жағында екі қорым қоршалмаған», – деді АШМ вице-министрі Г, Исаева. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар  мал қорымдарын ұстауға қаражат бөледі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз