Қазақстандық боксшылар Рио Олимпиадасына дайындықты бастап кетті. Қандай жарыс болмасын еліміз Тәуелсіздік алғалы былғары қолғап шеберлеріміз жүлдесіз қайтқан емес. Осы жолы да Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттерге үлкен үміт бар.
Қазақстандық боксшылар Рио Олимпиадасына дайындықты бастап кетті. Қандай жарыс болмасын еліміз Тәуелсіздік алғалы былғары қолғап шеберлеріміз жүлдесіз қайтқан емес. Осы жолы да Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттерге үлкен үміт бар.
Ауыр атлетикадағы дау-дамайдан кейін бар үмітіміз боксшыларда екені рас. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына алғаш рет толық құрамда барады. Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттер Алатау етегіндегі Ақбұлақ сауықтыру орталығында дайындық жұмыстарын бастап кетті.
– Лондонда бір алтын, бір күміс, бір қола алсақ, қазіргі жағдайда осындай мықты командамен кемінде 4 медаль деп алдымызға мақсат қойып отырмыз. Егер бұйырып жатса, одан да көп медаль алуға болады. Ал бастысы – ол екі алтынмен оралу.
Айтжановтың айтуынша, жігіттердің осалы жоқ. Рас, ұлттық құрамадағы кез келген боксшы Рио Олимпиадасында жүлдеге лайық. Бірақ, бап шаба ма, бақ шаба ма дейді қазақ. Кімдердің жұлдызы жарқырайды – ол уақыт еншісінде. Бір білетініміз, қазақ боксшылары үлкен жауапкершілікті сезіне біледі. Ел сенімін ақтау үшін аянбай тер төгіп жатыр. Спортшылардың алаңсыз дайындығы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, командамен арнайы психологтар, дәрігерлер және жеке бапкерлер жұмыс жасап жатыр. Ұлттық құрама сапында өзінің үшінші Олимпиадасына бара жатқан Біржан Жақыповты әңгімеге тартқан едік.
Біржан Жақыпов, Қазақстан құрамасының мүшесі:
– Екі Олимпиада да бабымда болдым. Жақсы дайындалдым, тер төктім. Оңай кездесулер өткізбедім. Қиын қарсыластар болды, оларды да жеңе білдім. Кішкене бақ жетіспеді деп ойлаймын. Онымен тоқтап қалмаймыз. Енді, міне, Алланың қалауымен үшінші Олимпиадаға қатысайын деп отырмын.
Иә, жігіттер таңертең тауға жүгіреді, сосын тас лақтырады. Түсте темір-терсек көтерсе, кешкісін суда жүзеді. Ерінбей еңбек еткенге бақыт басын иеді демеуші ме еді. Спортшыларымыздың төккен тері текке кетпесе дейміз.
24.kz