Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Жерлеу рәсімінде селфиге түскен Шварценегер мен Клинтон әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған

«Мұхаммед Әлидің жерлеу рәсімінде әсерлі сөз айтқан президент досым Билл Клинтонмен кездесуге қатты қуаныштымын», – деп жазады Шварценегер өз жазбасында.

Алайда бұл сурет әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызып, олар мұны әдепсіздік деп бағалаған деп хабарлайды Lenta.ru.

«Сіздерге жерлеу рәсімі – көңіл көтеретін жер секілді ғой» деп жазады оның жеке парақшасына тіркелушінің бірі. Ал тағы бірі: «Қуаныштан жүздеріңіз бал-бұл жанып тұр, билемедіңіздер ме?» депті кекесінмен. Ал тағы бірі, тіпті әрі кетіпті: «Жігіттер, одан кейін қыздарға бардыңыздар ма?..»

Теңдессіз спортшы Мұхаммед Әлидің жерлеу рәсімі 10-маусымда мұсылмандық дәстүрмен өтті. Ол  74 жасына қараған шағында 3-маусымда дүниеден озды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз