1-маусымда күндіз Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауыл шетінде ойнап жүрген 6 және 8 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлады Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
– Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері аталған фактіні оқыс оқиға ретінде тіркеді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезінде полицейлер балалар өліміне қатысты барлық жайды ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды, – деп атап өтеді облыстық полицияның баспасөз қызметі.