Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ұлттық пантеон құрылысына бюджеттен қаржы бөлінген жоқ – министр

Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап, „Елордада Ұлттық пантеон салынады, оның құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге„ деп ақпарат тараған. Бұл сома елдің жағасын ұстатып, қоғамда қызу талқыға салынды. Ақыры Үкімет бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруге де мәжбүр болды.

«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Оған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», — деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 19-мамырдағы Үкіметтегі республикалық бюджет талқысынан кейінгі БАҚ-қа берген сұбатында.

Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз