Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бейбіт Шүменов WBA тұрақты чемпионы аталды

Шүменов Лас-Вегас қаласында 12 раундтық кездесуде америкалық Джуниор Райтты 10-шы раундта техникалық нокаутпен тізе бүктіріп, WBA нұсқасының бірінші ауыр салмақтағы тұрақты чемпионы титулын жеңіп алды. Ал, Лебедев Мәскеуде Аргентина боксшысы Виктор Рамиресті екінші раундта жеңіп, WBA және IBF нұсқаларының әлем чемпионы титулдарын біріктірді. WBA ережесі бойынша Лебедев «суперчемпион» атанады да, тұрақты чемпион белбеуі Шүменовке беріледі. Енді қазақстандық боксшы Лебедевпен 120 күн ішінде қолғап түйістіруі шарт. Жеңгені чемпиондық белдікті жұма күні француз боксшысы Йоури Каленганы жеңген кубалық Йониэра Дортикостан қорғауы қажет болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз