9-маусымда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады. Кей өңірлерде ауа-райы температурасы 30-38 градусқа көтерілсе, ал оңтүстікте күн 40-43 градусқа дейін қызады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, күннің күрт қызуы Таяу Шығыстан ойысқан тропосфералық оңтүстік-батыс ауа-райы ағымының әсерінен болып тұр.
Апта соңында батыс пен солтүстіктің құбылмалы ауа-райы басқа өңірлерге де тарап, аптап ыстықтың беті қайтуы мүмкін.