Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

8 жыл. Боқаев пен Аян осынша мерзімге сотталуы мүмкін

Сөйлеуден бас тартқан Макс Боқаев «құқық қорғау органдарының жарты жыл бойы Талғат Аян екеуінің әртүрлі қылмыстарға, солардың ішінде билікті күшпен басып алуға қатысы бар екендерін дәлелдеуге тырысқанын» айтты.

– Бізді қудалау барысында 1937 жылғы НКВД-нің әдістерінің барлығы қолданылды: аналарымыздың үйінің есігін бұзып кіріп, тінтті, қорқытты, жеке өмірге қол сұқты. Бірақ Талғат екеуіміздің Қазақстан конституциясын бұзғанымызға дәлел таба алмады, сондықтан істің 73 томы – жай ғана макулатура, – деді Макс Боқаев сот үстінде.

Прокурор Қасым Сыдықовтың айтуынша, «елдің бәрі оларды жер кодексіне өзгеріс енгізгені немесе өз пікірлерін айтқаны үшін соттап жатыр деп ойлауы мүмкін, шындығына келгенде олай емес».

– Олар әкімдік рұқсат етпесе де билік атына кез келген тәсілмен кір келтіруді көздеп алаңға шықты. Ол жерде тұрған адамдар, ол маңайдағы ғимарттар зардап шексе не болар еді? Жер кодексіне өзгеріс еніп, мәселе шешілген соң олар елдің патриоттық сезімдерімен ойнай бастады: қытайша сөйлейсіңдер, қытай паспортымен жүресіңдер деп қорқытты,- деді Қасым Сыдықов.

Боқаев пен Аян 24 сәуірде Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингті «ұйымдастырды», «жалған ақпарат таратты», «араздық қоздырды» деп айыпталып отыр. Олар 17 мамырда қамалды. Кейіннен ҰҚК жер реформасына қарсы митингілерді шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов «қаржыландырды» деп мәлімдеді.

 

3e995835-3e87-4b06-9151-efa5238a0f5c_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз