Үндістанның оңтүстік-батысында тұратын 7 жасар Праттана телехикаядағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті. Жантүршігерлік оқиға орын алған сәтте ересектер үйде болмаған.
Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Жеткіншек “Нандини” телехикаясындағы би көрінісін қайталаймын деп үйде от жаққан. Ол сүйікті кейіпкерінің жалын ортасында билеген биін орындамақ болған.
Үндістан полициясы ата-анасының кінәсін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде. Кінә дәлелденген жағдайда, баласына салғырт қараған ата-ана жазалануы мүмкін.