Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

7 айда пара алған шенеуніктерге қатысты 1500 қылмыстың беті ашылған

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Дөрекі, мәдениетсіз, парақор! Бүгінгі шенеуніктердің портреті дәл осындай. Облыс, қала мен ауданды айтпағанда қатардағы ауыл әкімі өзін  «жарты құдайдай» сезінеді. Олардың кабинетіне кіруден президенттің қабылдауына жазылу оңай. Тіпті басқарма мен департамент басшылары түгілі, жай қызметкердің өзін жұмысынан табу қиын. Есесіне, күнін әрең көріп жүрген жұрттан пара сұрағыш.

Талғат Татубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары:

-Республика бойынша жемқорлығы үшін 588 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды. Оның 11-і мекеме, 39-ы облыстық, 79-ы қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар. 16-сы әкімдер  мен олардың орынбасарлары.

Ұлттық бюро биыл небары жеті айда пара алған шенеуніктерге қатысты мың жарым қылмыстың бетін ашыпты. Қазына қаржысын ұрлау да екі есе көбейген. Бір қызығы, қармаққа шабақтар ілігіп жатқанға ұқсайды. Мәселен, Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылының бұрынғы әкімі Ерсайын Данабек 1350 теңге үшін жұмысынан қуылған. Бәріне кінәлі балабақшаға орнатылуы тиіс унитаз! Алайда, шенеунік бюджеттен бөлінген 29 мың теңгеге бір емес, 2 унитаз, 4 раковина сатып алғанын, тек су құбыры тартылмағандықтан, бос жатқанын айтқан. Мың теңге жедің деп қызметтен аластатылған әкім қазір жұмыс іздеп сабылып жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз