Нұр-Сұлтан
Қазір
-17
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

6 млн теңге – 6 жыл: Шымкентте пара алған полиция сотталды

Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Прокурор сотталушы Т.-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрады.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтамады, өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді. 

Сот Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 49-бабына сәйкес, Т. арнайы шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз