Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

50 жастағы азамат Айжан Байзақованың терезесіне шығып, мазасын алған

1947

“Жақында бір кісі ата-анамның үйіне келіп, терезеге тоқылдатқан. Анам қорқып, не керектігін сұраған. – Маған Айжан Байзақова керек, – депті. Жеке мәселемен екен. Анам ол кісінің телефон нөмірін алып қалған. Жасы кемі 50-де. Яғни, ересек орыс еркек. Оның үстіне, еш қысылмастан, анаммен сөйлескен. Мен ол кісіге хабарласып, не керектігін сұрадым”, – дейді Айжан.

Алматыдағы көлік жөндеу орны жөзекшелердің мекені болып шықты

Ер кісі Байзақовамен кездескісі келетінін айтып, оны кездесуге шақырған. Оған Айжан:

“Біріншіден, менің аяғым ауыр. Екіншіден, тұрмыстамын”, – деп жауап берген.

“Ол кісі бәрібір екенін айтты. – Сонда да бір-бірімізге ұнайтын шығармыз деді”, – деп жалғады сөзін атышулы бикеш.

Аталған ер кісі Байзақованы бұдан кейін де мазалаған. Ол Айжанның ата-анасының үйіне келіп, подъезді “басына көтерген”. Айжанның қайда екенін көршілерінен сұрап, ал анасын өз үйіне кіргізбей қойған. Байзақова полиция шақырған. Алайда бұзақы тәртіп сақшылары келгенше ізін суытқан. Айжан қыр соңынан қалмай жүрген азаматпен тағы да мәмілеге келуге тырысқанын айтып, енді мазаламайтын шығар деп үміттеніп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз