Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

50 мың теңгеден: Алматыда КВИ-мен ауырғандарға өтемақы төлемекші

328
Сурет: AP Photo / CDC

Жария талқылау 10 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 120 мың адамды қамту жоспарланған. Құжатқа қосымшада мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары көрсетілген. Олар:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы  «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 1-тармағының 11-бабына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлер,
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
  • асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылар;
  • үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті зейнеткерлер;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
  • аз қамтылған отбасылар.

Құжатқа сәйкес, аз қамтылған отбасылар тек азық-түлік жиынтығын ала алады, ол үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппаратына өтініш беруі керек. Әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі және Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз