Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ұлы нақақтан сотталған бейшара әке жылап жүр (видео)

Себебі Оразәлі Сатыпалдыұлы баласы Саматтың нақақтан күйіп кеткенін біледі.

Өйткені әкенің айтуыша, ұлы Саматтың адам өліміне еш қатысы жоқ. Әділдік іздеп шырылдап жүрген әкенің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.

Кімге барып жағдайын айтса да, құзырлы орындардың бәрі бұл іске жүрдім-бардым қарап, түрлі сылтау айтып шығарып салып келеді екен.

Оқиға 2016 жылы болған. Оқиғаның қалай болғанын мына видеодан көріңіз:

«Сот ашық түрде өтті. Бірақ оған мені қатыстырмады. Неге? Ол жағы маған беймәлім.

Жалпы, осы іске байланысты бүкіл құжаттар қолымда. Қажет болса қайта көтеруге бармын. Бірақ мен пәле іздеп отырған жоқпын. Әділеттілік салтанат құрса деймін. Медициналық сараптаманың қорытындысын алып қарасақ та, қайтыс болған бала (Медет Дәулетов) соққыдан көз жұмбаған. Себеп басқа.

Алайда менің баламды осы іске қатысы бар, адам өлімін ұйымдастырған деген айыппен соттап отыр», дейді әке.

«Осы орайда, – дейді Оразәлі Сатыпалдыұлы

Жақында Еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қазақстанда ауыр қылмыс жасаған 5 мың адамның түрмеден босатылатыны туралы айтқан болатын. Естуімше, қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында қолданысқа беріліп отырған тиісті заңға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған екен.

Аталмыш заңда көрсетілгендей, жазасы жеңілдейтіндердің сотталу мерзімі 12 жылдан аспауы тиіс көрінеді. Мен осыдан үміттімін. Ештен кеш жақсы.

Соттың шешімін кері қайтару қиын шығар. Ең құрымағанда Елбасы жариялап отырған осы бір рақымшылыққа балам Самат Лақбаев ілінсе екен деймін».

Біз өз тарапыздан құзырлы органдарҚР Жоғарғы Соты және ҚР Бас прокуратурасы аталмыш жағдайға оң көзбен қарап, істің әділетті шешімін шығарады деген сенімдеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз