Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

48 адамды аман алып қалған қазақстандыққа 1 миллион теңге берді

Маған “Ал, өтініш” деді. Әкім құжаттарымды жасап, жұмыспен қамтамасыз етсін деді. Маған берілген бір миллион шығын үшін емес, ерлігім үшін деп түсіндірді.

Ал автокөлігіме қатысты ресейліктер жаңасын алып бере алатынын айтты. Зор алғыс білдірді. Мен құтқарып қалған адамдар да көмектесуге әзір.

Құжаттарымның ішінен әзірше жүргізуші куәлігім мен жеке куәлігімді қалпына келтірсем деймін. Ал баспана берсе төрт баламды да көшіріп әкетуші едім. Қазір енемнің қолында тұрамын, бұрында жалдамалы пәтерде тұрғанмын. Үй беріп жатса тамаша болады”, – дейді Ержан Амарханов.

Семей әкімдігіндегілер ер адамға қандай көмек көрсететінін тізіп берді. Оның қатарында грек-рим күресінің бапкеріне болашақта спорт мектебіне жұмысқа тұруы үшін арнайы білім алуға көмектесу қарастырылып отыр.

“Ержан – өте жігерлі адам, оның идеясы көп. Біз оның жағажайға арналған идеясын жүзеге асыруға көмектесеміз. Жүгіруге арналған жолақ жасағымыз келеді. Ол жақта Ержанның қол астындағы балалар Ертіске дейін кросс жүгіреді, ал кейін суға шомылады. Бұл жағажай тек оның шәкірттеріне емес, қала тұрғындарына да пайдалы болады. Тұрғын үй мәселесі бойынша, ол бір күнде шешілетін сұрақ емес. Ұсыныстар әртүрлі. Тұрғын үй комиссиясы бар. Өтеусіз негізде басапана немесе әзірше жалдамалы үй беруіміз мүмкін”, – дейді Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Қазақстандық 37 жастағы Ержан Амарханов ресейлік телеарналардағы сюжеттердің жұлдызына айналды. Грек-рим күресінің бапкері өрт шыққан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалған. Олар сол кезде Қазақстаннан Ресейге жол жүріп бара жатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз