Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

35 миллион қаралым: TikTok-тың Мәдениет министрлігімен жобасы қорытындыланды

Кітаптар туралы хэштег бойынша жарияланған бейнероликтер 35 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаға Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана, сондай-ақ  TikTok контентіндегі танымал авторлар қолдау көрсетті.

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған жетекші TikTok платформасы  мен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қазақстандықтарды #кiтапток хештегі бойынша елдегі ірі виртуалды кітап клубына қосылуға шақырды. Еліміздің әр өңіріндегі TikTok қолданушылары кітаптар туралы ұсыныстарымен, сүйікті шығармаларындағы үзінділермен, кітап саудасындағы шолулармен, кітаптарға байланысты жеке оқиғаларымен бөліссе, әдеби талқылаулар әлі де жүріп жатыр.

Жобаның ауқымы қазақстандықтардың кітап оқуға деген қызығушылығының өскенін көрсетті: #кiтапток хэштегі бойынша қаралымдар саны 35 миллионнан асса, бұл көрсеткіш әлі де өсу үстінде.

Жобаны Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры @kaztheatre, сонымен қатар Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана қолдады. Жан тебірентерлік кітап шолулары, виртуалды саяхаттар, әзіл-қалжың бейнебаяндары мен тіпті, кітәби ASMR – яғни, елдің барлық аймағындағы кітапханалар өздерін бұрын-соңды болмаған жаңа шығармашылық қырларынан танытты.  Жобаға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы @trend_kitapkhana, А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасы @kitap_land_vko_, С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық кітапханасы @zhetisu.kitapkhana мен басқалары да қолдау көрсетті.

Сондай-ақ музыканттар AKIM @akimrah мен Baur Karbon @karbon.baur өздерінің әдеби ұсыныстарымен бөліссе, TikTok-тың танымал креаторлары қаптамаларын, кітап жинақтарын көрсетіп, саяхат, тіл үйрену, математика мен  басқа да кітаптар туралы кеңес берді.

Жобаға қатысқан барлық платформа қолданушылары арасынан үздік креативті бейнероликтердің авторлары анықталды. Жеңімпаздар:

  • заманауи қазақстандық жазушылардың пайдалы кітаптары туралы роликтің авторы @tsifranuty,
  • жазушы Бақытжан Қанапияновтың аудармасындағы Қыз Жібек эпосы жайлы баяндаған автор @altynay_zhumadil
  • өзінің кітаптарды қалай сатып алғаны жөнінде егжей-тегжейлі баяндайтын @la.la.leila.

Ерекше қырынан көрінген бұл авторлардың әрқайсысы бастама серіктестерінің бірі – Меломан/MARWIN@meloman_marwin сауда желісі тағайындаған бағалы сыйлық: 70 мың теңгеге сертификатын алады.

«Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кітапқұмарлардың бас қосып, араласқаны, өз мүдделестерін тауып, кітапқа жасаған шолуларын бөліскен сәттерін көріп отырмыз, бұл айтарлықтай әсерлі болды. Қазақстандықтар өздерінің білім көкжиегін кеңейту үшін TikTok-қа келгенін, ал танымдық мазмұн біздің елдегі қоғамдастықта шынында да сұранысқа ие. Меніңше, #кiтапток жергілікті қауымдастыққа әлі де көптеген әдеби жаңалық әкеле алады және әр буындағы қолданушылар мен кітап оқуға деген шабыттың қайнар көзі бола алатынына сенімдімін», – дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің жетекшісі Екатерина Блинец.

«Мұндай жобалар жұртты кітапқа деген қызығушылықпен ғана емес, оқырманға жаңа есімдермен танысуға, ал авторларға – аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік беруімен де біріктіреді. #кітапток Қазақстанда танымал болып, елімізде кітап оқуды сүйетіндер көп екенін және танымдық контентті қолжетімді әрі қызық ете түсетін дарындылар көп екенін көрсетті», – деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

#кiтапток жобасы Қазақстанда кітап оқуды сәнге айналдыру үшін қолға алынған жоба және ол бүкіл әлемдегі әдебиет құмарларды біріктіретін  #BookTok жаһандық мәдени құбылысынан шабыт алады. Бүгінгі таңда TikTok-тың #BookTok хэштегіндегі бейнебаяндар 137 миллиардтан астам қаралым жинап үлгерді. Бейнероликтерде әр елдің қолданушылары оқыған кітаптары туралы өз ұсыныстарымен, әсерлерімен бөліседі. #BookTok қазірдің өзінде кітап индустриясына ықпал ете отырып, жазушылардың танымалдыққа қол жеткізуіне, ал кітаптардың – бестселлерлер қатарына қосылуына мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз