Өмірде болып жатқан түрлі отбасылық жағдайларға куә бола отырып, өзімнің ойымды да жазайын деп шештім.
Отбасын сақтап қалу әйелдің колында, ерді ер ететін де, ез ететін де əйелдер дейсіңдер. Айналайындар-ау, әйел адам емес пе? Оның жаны жоқ па, жүрегі жоқ па ауыратын?!
Еркек ұрса да кешіру керек, басқа əйелмен журсе де кешіру керек, тастап кетсе де кеширу керек, акша бермей, бала-шағасын тентіретсе де кешіру керек. Не үшін? Еркектерге осы айтылған жағдайлардың біреуін айел тарапынан болса, айды аспанға шығарып, “мен еркекпін” деп кеудесін керп, әйелін жамандап, ажыраса салады.
Қалымызды сұраудың орнына, керірісінше жатып алдың деп шыгады. Сонда бұл жерде кім жаман? Отбасын сақтау әйел адамга ғана емес, еркекке де байланысты. Отбасы боламын деп алды ма, асырасын, бақсын, еркелетсін, жаксы көрсін. Дәл осылай жасаса, ешкандай аәел кетпейді ондай еркектен.
Кеше біреудің жазған жазбасмын окыдым, отбасының сақталуы еркекке де байланысты деп әжесі айткан, өте дұрыс деп ойлаймын. Ол апаның басынан өткесін, сабақ болсын деп айтқаны болар.
Еркектің жаксы болуы әйеліне байланысты деп әбден құлақтарын көтеріп тастаған, сосын білгенін істейді, байғұс біреулер шыдайды, біреулер шыдамайды. Бірак сол шыдамаган жандардың бәрін қаралаудың қажеті жоқ менің ойымша.
Ең бастысы, аман болайыкшы, осы кундерге жете алмай кеткен канша жандар бар. Не болса да, маңдайымызга жазғанын көрерміз.
Аноним
Дереккөз: Алаш айнасы