Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Атмосфералық фронттардың ықпалынан республиканың кей жерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді. Ауа температурасы көтеріледі, ол климаттық нормаға жуық болады.
Республиканың солтүстігінде +25+33 градусқа, оңтүстігінде +30+35, ал қиыр оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды.
Петропавл қаласында батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.