Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

3 млрд. қаржы жымқырған әскерилерден қанша пәтер мен көлік тәркіленді?

Қорғаныс министрлігіндегі ұйымдасқан қылмысты топты жоғары шенді қызметкерлер басқарған. Мұның бәрі сотта дәлелденді. Белгілі болғандай, олардың қатарында әскери күшті пәтерге орналастыру Бас басқармасының офицерлері мен қаржы айналымы мекемесінің 11 адамы болған.

Аталғандардың барлығы қомақты үш миллиард теңгені жымқыру ісіне қатысқандар. Жымқырылған қаражат Әскери күштің керек-жарағына бөлінген.

Аталған іс бойынша 11 адам жазаға тартылды. Ұйымдасқан қылмыс тобының мүшелері бас бостандықтарынан 11 және 13 жыл аралығында айырылды.

Қалған қатысушылар 7-11 жыл мерзімді иеленді.

Әскерилерден бөлек іс бойынша ақшаны қолма-қол етіп отырған кәсіпкер де бар. Қосымша шара ретінде сот оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Бұл тізімге элиталы жылжымайтын мүлік, ақша мен жоғарғы класс көлігі де кірген.

Сот айыпталушыларға мемлекетке келтірген шығындарын төлетіп, олардың мүліктерін тәркіледі. Онда қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған пәтерлер, тұрақ орындары, Алматы мен Астанадағы элиталы тұрғын үй-кешендеріндегі кеңселік мекемелер, қымбат автокөліктер, қомақты қаражаттар бар.

Сотталғандардың ішінде Әскери күштің пәтер бөліп беру Бас басқармасының төрағасы Ильдар Гиниатулин бар. Оны 13 жыл бас бостандығынан айырып, үш бөлмелі екі пәтері мен тоғыз банк есебіндегі қаржысын тәркілеген.

Бірақ, ең бай жылжымайтын мүлік подполковник Айдара Келісовте болды. Үш бөлмелі бес пәтер, олардың үшеуі Астанадағы элиталы тұрғын үйде, аталған үй астындағы бірнеше тұрақ орны, түрлі есептердегі қаржысы да бар.

Фигуранттардан 4 тұрғын үй ғимаратын, 27 кеңселік және Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орындары, 9 люкс класындағы иномаркалар тартып алынды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз