3-маусымда республиканың шығысында, солтүстік-батысында, солтүстік және батысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, қатты жел соғады.
Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа-райының температурасы қатты көтеріліп, аптап ыстық болады деп болжанады.
Қостанай облысының кейбір аудандарында жел тұрады, түнде тұман түседі. Маңғыстау облысы да тұманды болады, күндіз жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады. Қызылорда өңірінде күннің аптап ыстығына байланысты өрт қаупі бар екендігі ескертіледі.