29-мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігі жауын-шашынды болады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді деп болжанады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола облысының да кейбір ауданында найзағай ойнап, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірдің кейбір жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с артады деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.