Заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына келген хаттың бірін жариялады.
Хатта ер адам 12 жасында зорланғанын жазған.
«Ер баламын, жасым 28-де. 2008 жылдары басқа елден көшіп келдік, туыстардың айтуымен, ауылды жерде тұрдық. Әкем ішімдікке салынып кетті. Сол жерде әкемнің інісі көрші тұратын. Екеуі күн сайын арақ ішетін. Інісі мені әкемнен сұрап алды, «қасыма серік болады, үйге қонсын» деп. Үйде маған тиісе бастады», – деп жазған автор.
Хат иесі үйленуге бата алмайтынын, әлі күнге дейін қорқыныштан арылмағанын жазған.