Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

25 жылда экспорт 9 есе өсті — Бишімбаев

Бұл туралы бүгін Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутының үнқатысу алаңында сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты деп хабарлайды Егемен Қазақстан. 

Жиын аясында министр 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарының негізгі ережелерін таныстырды. Оның айтуынша, бұл құжат Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.  «Жаңа стратегиялық міндеттер және әлемдік экономикадағы «жедел өзгерістер» ортамерзімдік ұлттық іс-қимылды жаңа жағдайға сәйкес түзетуді және бейімдеуді талап етті. Елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақмерзімдік мақсаттарына қол жеткізу жолында жүзеге асырылуы тиіс басымдықтар мен бастамаларды белгілеп берді. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі 7 ұлттық жетістік арқылы көрініс табуы тиіс», – деді ведомсво басшысы.

Сондай-ақ, ол  құжат аясында  орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар жалғаса беретінін, барлық қалалар орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетінін, ал ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 80 пайызға жеткізілетінін айтты.

d8251584f4024d353897c3853ce

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз