Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

22 мыңнан астам отбасы оңтүстіктен солтүстікке көшетін болады

324

Банк қоныс аударушыларға тұрғын үй бағасының 50 процентінен де төмен бағада баспана алуға мүмкіндік жасап отыр. Ведомствоның мәліметтері бойынша, солтүстікке көшуге ниет білдіргендерге мемлекеттен ауқымды көмек көрсетіледі.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы үш жылда Мақтаарал ауданының тұрғындары 272 мың адамға көбейген. Сарыағаш ауданында бұл көрсеткіш 100 мың адамды құрап отыр. Аталған көрсеткіштерді азайту мақсатында алдағы 5 жылда 22 мыңнан астам отбасыларды солтүстік өңірге көшіру жоспары бар.

Айта кететін мәселе, тұрғындарды солтүстікке көшіру бағдарламасы басталғалы бері аталмыш аймаққа 58 мың 904 отбасы қоныс аударып, олардың 40 проценті оңтүстік өңірден келгендер болып отыр.

Бұл, өз кезегінде, ел тұрғындарының белсенділіктерінің жоғары екендігін көрсетеді, сондықтан болашақта бұл көрсеткіштерді төмендетпеуге күш салынуда. Осыған қарай жұмыс орындары мен берілетін жеңілдіктерге қатысты кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Солтүстікке көшу жөнінде шешім қабылдаған кез келген азамат бар басымдықтарды пайдалана алатынын айта кету керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз