Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО көрмесіне Жапониядан он мыңнан аса турист келмек

Шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов және All Co. Ltd. компаниясының президенті Казухиса Каваками қатысты.

Кездесуде Каваками оның компаниясы үшін Қазақстан басымдықты туристік бағдарлардың бірі екендігін және енді осы шарт шеңберінде All Co. Ltd Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін Жапония аумағында ілгерілетуге дайын екендігін айтты.

«All Co. Ltd ЭКСПО-2017 көрмесіне барумен қатар, Астана қаласына және Бурабайға турлар сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде біз бүкіл ел бойынша көрме туралы буклеттер мен басқа да жарнамалық материалдар таратудамыз. Ақпарат біздің интернет сайттарымызда үнемі жаңартылып отырады», – деді Каваками.

Ахметжан Есімов ұлттық компанияның All Co. Ltd компаниясына көрмені ілгерілету үшін қажетті консультациялық-әдістемелік көмектің барлығын көрсететінін мәлімдеді.

«Көрмеге келушілер саны 5 миллиондай болады деп жоспарланып отыр. Жапондар саяхатты ұнататын ұлттардың бірі, сіздің елден келетін қонақтар пайызы да жоғары болады деп сенеміз», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде All Co. Ltd. президенті Жапониядан Қазақстанға және ЭКСПО-2017 көрмесіне туристер тарту тұрғысынан өз компаниясының жапондық 2 мың туристік компанияның барлығымен ынтымақтастық жүргізуді бастайтындығын айтты.

«ЭКСПО-2017 өзінің көкейкесті саясатымен және бірегей контентімен барлық әлем үшін өте маңызды іс-шара болып табылады. Сондықтан, біздің компания бәсекелестермен бірігіп, көрмеге жапондық туристерді бірлесіп тартуға келістік және ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елімізден ондаған мың адам келетіндігіне сенімдімін», – деді Каваками.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз