2015 жылы соттарға түскен қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң 43,1 пайызы әйелдер мен балалар екен. Бұл туралы бүгiн ҚР Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның кезектi отырысында белгiлi болды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Отырыста Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Iшкi iстер, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiктерiнiң өкiлдерi әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы тұжырымдаманы орындау барысы туралы баяндамалар жасады.
Әйелдер мен ерлердiң теңдiгiн көтермелеу, әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту БҰҰ Мыңжылдықты дамыту мақсаттарының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi Қазақстан бүкiлдүниежүзiлiк экономикалық форумның ғаламдық рейтингiсiнде 47-орынға ие болып отыр.
Отырыста белгiлi болғандай, Ұлттық комиссияға әдiл сотқа қол жеткiзе алмай жүрген әйелдерден шағымдар жиi түседi. Мысалы, 2015 жылы соттарға түскен қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң 43,1 пайызы – әйелдер мен балалар.
Елiмiзде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi хабарлағандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында әлеуметтiк келiсiмшартқа 74,8 мың әйел қол қойған, оның iшiнде 46,8 пайызы – ауыл тұрғындары. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынды, әйелдерге ауыр көтеру мен қозғауды шектеу нормалары қарастырылған 287 жұмыс тiзiмi бекiтiлдi.+
Сондай-ақ отырыста 2030 жылға дейiнгi отбасылық және гендерлiк саясатының тұжырымдама жобасының таныстырылымы өттi.