Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстік шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз.
Қазгидрометтің хабарлауынша, күндіз Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады.
Атырау, Ақтөбе,Батыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел соғады.