Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

11 жастағы Өркенді өгей шешесі туған балаларымен бірігіп өлтірген

111

Оның айтуынша, жасөспірім өліміне өгей шешеден тыс оның бірінші некеден туған 22 жастағы ұлы мен 19 жастағы қызының да қатысы бар екенін тергеу болжап, анықтап жатыр. Олардан бөлек баланы өлтіру үшін арнайы Шымкенттен келген өгей шешенің туған ұлының досы да ұсталған. Күдіктілер ішінде тағы бір адам бар. Ол – баланы ұрлау үшін жалданған көлік жүргізушісі, Алматы тұрғыны.

— Баланың жоғалғаны туралы 19-қаңтарда апасы хабарлаған, өйткені Өркен апасымен бірге тұрып жатқан. Ал баланың әкесі екінші бір әйелмен бөлек тұрып жатқан. Тергеу болжамы бойынша, баланы өлтірудің себебі – кек алу. Ресми түрде үйленуіне рұқсат бермей, отбасылық түрлі кикілжіңге түрткі болған бірге тұрып жатқан ер азаматтың анасынан әйел осылайша кек алмақ болған, – дейді Салтанат Әзірбек.

Ол баланың денесін оны іздеуге ерік білдірген адамдардың тапқаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

Кек алу мақсатында әйел Шымкентте тұрып жатқан туған ұлын шақырған. Ол Алматыға досымен келген. Екеуіне әйел 100 мың теңге беруге уәде еткен.

Сөйтіп олар 11 жастағы баланы мектептен бастап аңдып, жүріп-тұратын жерлерін анықтайды. Оған әйелдің 19 жастағы қызы да қатысқан. Әкесінің әйелінің балаларын танитын Өркен олар оны шақырғанда ешнәрседен секемденбей, көлікке отырған. Сараптама баланың ұрланған күні тұншығып өлгенін растады. Одан тыс баланың денесінен 7 рет сұғылған пышақ жарақаты тіркелді.

Еске сала кетелік, Алматы қаласы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы 19-қаңтарда үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған болатын. Баланың жоғалғаны туралы полицияға сол күннің кешінде апасы шағымданған. Кеше кешкісін Наурызбай ауданында орналасқан саяжайлардың бірінің жертөлесінен баланың өлі денесі табылды. Кейіннен, анықтай келгенде, ол саяжайды баланың өгей шешесі жалға алған болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бала қылқындырылып өлтірілген, сондай-ақ денесінің бірнеше жерінен пышақ сұғылған. Қылмысын жасыру үшін қаскөй денені жалға алған үйдің жертөлесіне көміп тастаған.

Шұғыл іздестіру шаралары кезінде баланы ұрлап, өлтіруге қатысты деген төрт адам ұсталды. Олар сол күні Алматыны артқа тастап кетпек болған.
Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы қазір баланың неден өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді тағайындады.

Ұсталғандар қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Дерек көз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз