Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

10 жыл ішінде Мажарстан Қазақстан экономикасына 100 млн доллар инвестициялады

Қазіргі кезде екі ел арасында стратегиялық кеңес, экономикалық әріптестікке байланысты үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сондай-ақ ауылшаруашылығы жобаларын қаржыландыруға байланысты бірлескен қор құрылған. Қазіргі кезде оның көлемі 40 миллион долларға жетіп отыр.Мажарстан 2005 жылдан бері Қазақстанға 103,5 миллион доллар тікелей инвестиция салған.2016 жылдың бірінші жарты жылдығында екі ел арасындағы екіжақты айналым өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға өсіп, 88 млн еуроға жеткен.

Т.Жақсылықов айтып өткендей, 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 алаңына айналады. Мажарстан белсенді қатысушылардың бірі болмақ. Ол сондай-ақ, ЭКСПО көрмесін өткен соң аталмыш алаңдар «астана» ХҚО-ға беріледі.

«Біз инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін ашпақпыз, 2018 жылы Астанада халықаралық арбитраж сотын Дубай үлгісінде ашу қарастырылған», – деді ол.

Вице-министр Қазақстандағы жекешелендіру туралы айтып өтті.

«Мажарстанның іскерлік тобын жекешелендіру үрдісіне белсенді қатысуға шақырамыз.  Біз де инвестициялық қолдауды толық жүзеге асыруға дайынбыз», – деді Т.Жақсылықов.

Айта кетейік, бизнес форумның мақсаты Қазақстан мен Мажарстанның іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар шеңберінде фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты секторларды және басқа да салаларды танытатын мажарстан компаниялар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

strategy2050.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз