Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

10 соттық жер телімін тегін аламын деушілер алаяқтарға алданып үлгерді

Тегін он сотық жер алуға болады деген қауесетті естіген жұрт өткен аптада өтініштерін арқалап, әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылған болатын. Қалалық жер қатынастары басқармасы қысқа мерзім ішінде 4 жарым мыңға жуық өтінішті қарап шыққан.

Анықталғаны, өтініш берушілердің 45 пайызы өзге өңірлерден келгендер екен. Әрі басқарма өкілдері қала аумағында бос жатқан жердің жоқ екенін мәлімдеді. Алайда осының арасында халықтың сеніміне кіріп, жер алып берем деп алдаған алаяқтар да табылған.

– Былтыр ғана 150 факті тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде бас бостандығынан айырылған азаматтар да бар, – дейді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз