Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

1-топ мүгедектерін күтіп-бағып отырған адамдарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы төленеді

«Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындайтынын айтқан еді. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы

1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға және базалық зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар 6 пайызға дейін арттырылды.

Базалық зейнетақыны қоса алғанда, ең төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теңгені құрайды», – деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының өз Жолдауында кәмелетке толған бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырғанын айтып өтті.

«Бұл жәрдемақыны тағайындау қағидалары мен тәртібін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзім ішінде әзірлеп, халық назарына жеткізетін болады. Осылайша, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру сапасын ұдайы арттыруға бағытталған», – деді Нарматов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз