Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

1-сыныпқа баратын балаңызды электронды түрде тіркеуге болады

Портал 24/7 режимінде жұмыс істейді, сондықтан ата-аналар үйде немесе жұмыста отырып, мектепке құжат тапсыра алады.

Өтінішті тіркеу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, байланыс және басқа да қажетті деректерді толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек.

Электрондық жүйе екі тетік арқылы қолжетімді:

1. Мекен-жай бойынша қабылдау

2. Қалаған мектеп бойынша қабылдау

Сізде компьютер немесе интернет желісі жоқ болған жағдайда, ЭЦҚ кілтіңізбен бірге жақын орналасқан мектепке келіп көмек алсаңыз болады. Ал егер ЭЦҚ кілті жоқ болса, құжатты қағаз жүзінде тапсыруға болады.

1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін мекен-жай туралы ақпарат қажет емес.

Қажет болатын құжаттар тізімі:

1) ата-аналардан немесе баланың басқа заңды өкілдерінен түскен өтініш (құжаттарды қағаз жүзінде тапсырған жағдайда);

2) баланың ту туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 формасы);

4) 3×4 фотосурет 2 дана.

Мектеп 6 және 7 жастағы балаларды қабылдайды, дегенмен осы жылы яғни, 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 6 жасқа толатын балаларды да қабылдау мүмкіндігі бар екендігін ескертеміз.

Қосымша ақпарат бойынша:: 55-68-83, 55-68-73.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз