Украина ТМД-дан шығам дейді

63 просмотров

Украина билігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымынан шығу мәселесін қарастырып жатыр, деп мәлімдеді жексенбі күні елдің сыртқы істер министрі Павел Климкин.

«112-Украина» телеарнасының эфирінде сөйлеген Климкин Украина мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар Донбастағы жанжалға дейінгі көрсеткішке ешқашан жетпейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, соғысқа дейін Ресеймен тауар айналымы 37 пайыз болған, қазір ол 5 пайызға да жетпейді.

ТМД ұйымына мүшеліктен шығу туралы ниетін Киев 2014 жылы ақпанда мәлімдеген еді. Кейін украиналық СІМ ұйымға мүше елдермен экономикалық байланысын бірден үзіп жібере алмайтынын ескеріп, ұйымнан әзір шықпайтынын, бірақ Қауымдастыққа көп қатыспайтынын жариялады.

6a093b1969f75408000d35fc208a7463

Загрузка...