Елге оралуды ойламайтын қазақтың арғы бетте қалғаны – қалған. Олар орыс, өзбек, қытай болып, соларға сіңіп кетеді. Сондықтан ондайлардан күдер үзе берген дұрыс. Бізге туған жеріне өзінше адал қандастарды қайтарудан гөрі, өз ішіміздегі өзге ұлттардан қазақ жасаған әлдеқайда оңай болар еді, дейді facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Олжас Әбілов.
“Мен Қытайда жүргенде сол жақтың қазағы былай деді:
“Бұрын Қазақстанда тұрған едім, ой несін айтасың, қатты қиналдық… Сосын кері кеттім, шекарадан өтіп бара жатып Қытайдың қызыл туын көргенде бар қорлықты ұмытып, жылап жібердім, енді Қазақстанға бармаспын” деген еді.
Бұл – сырттағы қазақтың Қазақстанға деген ниетінің әрқалай болатынын, оны ескеруіміз қажет екенін аңғартады.
Біз қандастарымыздың бәрі Қазақстанға көшіп келгісі келеді деп ойлаймыз. Бірақ, шын мәнінде, олай емес.
Керісінше,
сырттағы қазақтың көбісі енді мұнда келмейді. Олардың алды өзбектенді, орыстанды, қытайланды.
Өздеріне солай ұнайды.
Сырттағы 5 миллион қазақтан 2 миллионы елге оралса, соған үлкен шүкіршілік айту керек. Бірақ, қайдам…
Екіншіден, олардың өз отаны, туып-өскен жері бар.
Қазақстан олар үшін тарихи Отан ғана. Олар енді туған жеріне адал болады.
Мысалы, “Шыңғысхан – қазақ” десең, моңғол қазағы ренжиді, Кәрімовті жамандасаң – өзбек қазағы жақтырмайды, “орыс жаман” десең – Ресей қазағы бетіңнен алады.
Сондықтан,
Қазақстанға олардың ішінен тек “қазағым” деп жан-тәнімен егіліп тұрғандары ғана келеді.
Қандастарымыз сырттан келгенде, біздің қорлыққа төзуге, орыс тілін еріксіз үйренуге, басқа да көп қиындықтарымызды басынан өткеруге дайындалып келеді. Сондықтан оларды сыйлау керек.
Ал арғы бетте қалатыны – солай қалғаны. Олар орыс, өзбек, қытай боп құриды. Сондықтан ондайлардан күдер үзе берген дұрыс. Бізге туған жеріне адал қандастарымызды қайтарудан гөрі, өз ішіміздегі өзге ұлттардан қазақ жасаған әлдеқайда оңай болар еді”.
Олжас Әбілов, Facebook-тегі жеке парақшасындағы жазбасы