Мұқтар Шаханов: «Ақты – ақ, қараны – қара дей алмасам, ақынды­ғым кімге керек?»

1 401 просмотров

Ұлт қайраткері, ақын “Замана” басылымына берген сұхбатында қазіргі күні қоғамда кеңінен талқыланып жатқан үштілділік пен Жер кодексіне қатысты мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталыпты.

1D273E7A-1563-4180-B61C-E334068A8A65_mw800_s«Жердің біраз бөлігі әлдеқашан сатылып қойған. Тіпті, мынау Төлеби ауданындағы (Оңтүстік Қазақтан облысы, авт)

ең шұрайлы Қасқасу деген жердің біраз бөлігін біреулер жекеше­лендіріп алған. Онымен қоймай, ол жерлерді араб­тарға жалға беріп тастаған.

Соның кесірінен қазір жергілікті тұрғындар малын жая алмайды, емін-еркін кіріп-шыға алмайтын болды. Ал енді осы сияқты мәселе барлық өңірде кездеседі. Бірақ ол нәрсе еш жерде ашық айтылмайды», – дейді Шаханов.

Шаханов осы мәселені Жер комиссиясының отырысында ортаға салған.

«Жер шетел­діктерге де, жергілікті тұрғын­дарға да сатылмасын. Тек жергілікті халыққа ғана жалға беру керек», – деп ұсыныс айттық. 

Жер комиссиясында 75-тен астам адам бар, соның 59-ы «Жерді шетелдіктерге сатқан, жалға берген дұрыс болады» дегенді қолдады. Ал бар-жоғы 11 адам жаңа мен айтқан көзқараста болдық.

Кейіннен әлгі 11 адамның тағы бір-екеуі комиссия құрамынан шығып кетті, сонымен қалған 8-9 адам жағаласып келе жатыр­мыз».

 Шаханов өзінің Жер кодексіне қатысты көзқарасы өзгермегенін және өзгермейтінін айтады. 

– Менің жерді бөтеннің қолына беруге білдірген қарсылығым ешқашан өзгер­мейді. Осы айтқанымыздан қайтпаймыз. Ақырына дейін барамыз деп отырмыз. Бізді әлгі комиссияның құрамына елден қорыққанынан ғана кіргізіп отыр. Ал бірақ өздері жердің сатылуына мүдделі. Өйткені олар жердің көп бөлігін әлдеқашан сатып қойған.

Бұған қоса ақын сөзге келгенде, сайрай жөнелетін, іске келгенде, бұғып қалатындарға қатысты өз пікірін білдіріпті. 

 – Ойлап қараңдаршы, Қазақстан Жазу­шылар одағының 800-ден астам мүшесі бар, ал сол 800 адамның 8-і немесе оншақтысы ғана елдік, ұлттық мүдде жолында күресіп жүр екен. Бірақ барлығының тілі сайрайды да, іске келгенде, бұғып қалады.

Өлеңдерінде өздерін патриот сияқты етіп көрсетеді де, өмірде басқаша тірлік істейді.

Сондықтан мен олардың шығармашылығын өтірік деп есептеймін.

Міне, осы жағдайға бай­ланысты мен жаңа ұстаным жарияладым. Ол мынадай:

кім шындығын жоғалтып алса, кім ақты – ақ, қараны – қара деп айта алмаса, яғни, сөзі басқа, ісі басқа болса, елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жібере алмаса,

мейлі, жүз жерден ол үлкен жазушы болсын, үлкен ақын болсын, үлкен ғалым болсын, ол адамның құны – көк тиын.

Сөзінің соңында Мұхтар Шаханов әлеуметтік желілерге де тоқтала кетіпті. 

«Әлеуметтік желілерге кіріп тұрасыз ба?» — деген журналистің сауалына ақын: 

– «Фейсбукке» анда-санда кіремін, таяуда балалар арнайы парақша ашып берді. Сонда байқағаным,

менің атымнан 52 адам парақша ашып қойыпты. Солардың арасында менің атымнан билікті мақтап жазғандары да бар боп шықты.

Яғни, мен мұны елдің ішінде мен туралы екіұдай пікір қалып­тастыру үшін жасалған шара деп есептеймін. Енді біздер солардың кім екенін анық­тайын деп жатырмыз, – деп жауап берген екен.

 

Загрузка...