Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде коммуналдық қызмет бағасы маусымнан бастап қымбаттауы мүмкін

Еске салсақ, 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар үшін коммуналдық тарифтерді көтеруге шектеу қойылған еді. Осы кезеңде монополистердің инвестициялық міндеттемелерді қаншалықты орындап жатқаны кешенді түрде тексерілді.

Комитет өкілінің айтуынша, саладағы инфрақұрылымның орташа тозу деңгейі 50%-дан асып кеткен. Егер бұл бағытта инвестиция көлемі артпаса, жыл сайын тозу деңгейі тағы 2-3%-ға ұлғая береді. Бұл өз кезегінде тарифтерді қайта қарау қажеттігін туындатады.

Қазіргі таңда тарифті көтеруге қатысты нақты өтініштер әлі түспеген. Дегенмен, алғашқы өтінімдер сәуір айында берілуі мүмкін. Әрбір өтініш бойынша міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, оған шамамен 1 ай уақыт кетеді.

Сонымен қатар, өтініштерді қарау мерзімі де әртүрлі: стандартты тәртіппен, яғни 90 жұмыс күніне дейін, ал жеңілдетілген тәртіппен 40 күн қаралады. Осы мерзімдерді ескерсек, кейбір өңірлерде тарифтер тек маусым айында өзгеруі ықтимал.

Комитет мәліметінше, монополия субъектілері өтініштерді жыл бойы бере алады, сондықтан тарифтердің нақты қашан және қанша пайызға өсетіні әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз