ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі атыс-шабыс видеоларға түсініктеме берді

94 просмотров

ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбедегі атысқа қатысты әлеуметтік желілерде тараған видеолар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

— Ақтөбе қаласында мамыр айының басында «Атлас Синема» кинокомпаниясы «Спецназ» және «Арлан» атты сериалдарының түсірілімін бастады. Қала көшелеріндегі түсірілім кезінде арнайы эффектілер қолданған болатын.

Бұл ақпарат аймақтық басылымдардың сайттарында, сондай-ақ осы жылдың 4-5 мамырында әлеуметтік желілерге таратылған. Жарнама мақсатында сериал актерлері көшелердегі қаруланған бір топ адам, автомат атыстары сияқты сюжеттік желідегі видеоларды әлеуметтік желілерге салған, — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

5-маусым күні бәзбіреулер Ақтөбедегі қос қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Облыста антитеррорлық режим жарияланып, арнайы операция нәтижесінде 4 қаскөйдің көзі жойылып, тағы жетеуі қолға түсті.

Ал облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын сақтық танытуға шақырды. Облыс әкімі қазір Ақтөбеде жағдай тұрақты екенін айтты.

Сенатор Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі жеке парақшасында лаңкестер өте қатаң жазаға тартылады деп жазды.

Загрузка...