NASA өз патенттерінен бас тартып жатыр

25 просмотров

АҚШ-тың ұлттық аэроғарыш басқармасы (NASA) өзінің 56 технологиясын еркін пайдалануға рұқсат беріп, патентінен бас тартты.

Nasa

Аталған технологияның барлығын NASA ғарыш миссияларына дайындық кезінде қолданған. Алайда оларды басқа салаларға да пайдалануға болады. Атап айтар болсақ, мәліметтердің ішінде оптика, терагерцевалық сәулелендіру, химия, экология салаларындағы өнертабыс, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер де бар.

«Осы технологияларды көпке қол жетімді ете отырып, біз кәсіпкерлерді NASA технологияларын коммерциялық салада пайдалану жолдарын іздестіруге ықпал етеміз», — дейді басқарманың ғылыми-техникалық бағдарламаларды алмасу жөніндегі басшысы Дэниэл Локни (Daniel Lockney).

Қазіргі уақытта NASA лицензия арқылы пайдалануға болатын мыңнан астам технологияның патентіне ие.

Загрузка...