Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Арыстанбек Мұхамедиұлы пара алды деген дауға қатысты адвокат мәлімдеме жасады

157

Мысалы, «Феникс» фильмін түсіру туралы келісім голливудтық «Aldamisa Entertainment» компаниясымен жасалмаған, шындығында Қазақфильм «T.K.TURANUNIVERSAL BUSSINES» және ресейлік «Альдамиса РУС» компанияларымен келісімге қол қойған екен.

ҚР Мәдениет министрлігі салық төлеушілердің 450 млн теңгесін заңда қарастырылмаған тәртіпте аудару мүмкіндігіне күмән келтірген.

– Жәнібековтің шағымы негізінде құқық қорғау және сот органдары тексеріс жүргізді, нәтижесінде ҚР Мәдениет министрлігі қызметінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар «Феникс»  кинофильмінің өндіріс жағдайы мен бұған дейін бөлінген 100 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаражатының игерілу барысы зерттеліп жатыр, – деп толықтырды  адвокат Әлімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Талғат Жәнібеков 2015 жылы Арыстанбек Мұхамадиұлы министр қызметіне кіріскен соң Мәдениет және спорт министрлігі «Феникс» фильмінің түсірілімін заңсыз тоқтатып тастады деп кінәлаған болатын. Ол министр пара сұрады деп мәлімдеді. Осы негіздегі оның видео үндеуі 12-шілдеде интернетте тарап кетіп еді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз