Ломбардты тонамақ болған азаматтың қызы қатерлі ауруға шалдыққан көрінеді

64 просмотров

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған жігіт әлі екі ай қамауда болады. Бүкіл Астананы аяғынан тік тұрғызған қылмысқа қатысты күдіктіні босатуды сот өте қауіпті деп тапты.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір күдіктіге ірі көлемдегі құнды затты ұрлау үшін шабуыл жасады және адамдарды кепілге алу бойынша айып тағылып жатыр. Бұл екі бап та қомақты мерзімді қамтиды. Кем дегенде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Өткен жексенбіде бетіне медициналық маска киген 42 жастағы ер адам пневматикалық тапаншасымен елорданың біріндегі ломбардқа баса-көктеп кіріп, ол арадағы екі қызметкерді кепілге алған. Полиция қылмыскермен ұзақ уақыт бойына келіссөз жүргізген. Одан кейін ол кепілдегі адамның бірін босатты.

Ал екінші қызды арнайы қызметтің жасағы қылмыскерді ұстау кезінде босатты. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Әлі нақтыланбаған дерек бойынша, бұл қылмысқа ер азамат қатерлі ауруға шалдыққан қызы үшін барған көрінеді. Қызының еміне өте қомақты ақша қажет болыпты. Бұл мәліметке қатысты әзірге ресми ешкім пікір білдірген жоқ.

Загрузка...