Білім және ғылым министрі болып академик Асқар Жұмаділдаев тағайындалсын!

3 900 просмотров

Ұлт, тіл, ділге қатысты пікірлерін ашық айтатын Айбол Сапарбек есімді әлеуметтік желі қолданушысы осындай бастама көтеріпті. 

«Білім және ғылым министрі болып академик Асқар Жұмаділдаев тағайындалсын» деп жазыпты Сапарбек. Өз кезегінде желідегі қауым бұған барынша қолдау білдірген екен. 

Ол туралы

3eb5fac54e7229d9bd417289e6703e99
Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевті білмейтін қазақ жоқ. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы  Лейбниц, Цинбиель, Якобиан, Вронскиан, Новиков алгебраларының ассосимметриялық есептерін шешкен жалғыз қазақ.

Сенесіз бе? Американың математика қоғамы мәліметі бойынша оның ғылыми еңбектерінің сілтеме индексі 100-ден жоғары.

Тәуелсіздік жылдары Асекең шетелдің маңдайалды университеттерінде дәріс оқып, ғылыми жұмыстармен айналысуға бірінші болып шақырту алған. 

1995 жылдан бастап 10 жыл Еуропада қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Билефелд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды. Ол Америка математика қоғамының, Швед корольдігі Ғылым академиясының, Жапон ғылым мен технология қолдау қорының, ИНТАС және Сорос қорының стипендиялары мен гранттарына ие болған. Солай.

Асқар Жұмаділдаев Тәуелсіздік жылдары екі рет Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланып, еліміздің дамуына қатысты тарихи шешімдер қабылдауға атсалысқаны белгілі. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік декларациясын қабылдап, еліміздің Әнұраны, Елтаңбасын қабылдауға атсалысқан депутаттардың бірі.

Асқар Жұмаділдаевтың мектептегі мұғалімі Қали Дүйсемановтың айтуынша,  Асқардың қойған сұрақтарына нақты жауап беру үшін, көп мұғалімдер оның оқитын сыныбына дайындықсыз бармаған. Тіпті, білмейтіндерін бірінен-бірі сұрап отыратын кездер болған. 

Ғалым биыл 60-қа толды. Демек, оның әлі де болса күш-қуаты бойында. «Жұмаділдаев министр болған жағдайда білімнің, ғылымның көсегесі көгеріп, қазақ тілінің ахуалы түзелер еді» дейді көпшілік. 

33043c7abd39dacd142152bfda0
Сағадиев

Сағадиев vs Жұмаділдаев

Жұмаділдаев қазіргі Білім министрі Сағадиевтің әр бастамасына сын көзбен қарайтын және бұл тараптағы пікірін бұқпай ашық айтатын санаулы ғалымның бірі.

«Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек» деп әрдайым айтып жүр. 

«Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары. Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты» деген ол тағы бірде.

Қалай болған күнде қазақтілді аудитория Жұмаділдаевтың жағында. Мұны Сағадиев те сезеді. Бірақ, шешім қабылдайтын жоғары жақ. Қазақ жақсы көретін Жұмаділдаевты ұлттың болашағы үшін министрлікке әкелуге әзір ме, әлде…

 

Загрузка...