Қазақстанда жеке мектептерге қойылатын талаптар кезең-кезеңімен қатаңдатылып келеді. Енді мұндай білім беру ұйымдарын кез келген жерде ашуға рұқсат берілмейді — жеке мектептер тек оқушы тапшылығы немесе мектеп жетіспеушілігі анықталған өңірлерде ғана іске қосылады.
Арнайы лицензия негізінен үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу немесе апатты жағдайда тұрған мектептердің орнын алмастыру үшін ғана берілмек, деп жазады КТК. Осы арқылы мемлекет жекеменшік секторды нақты әлеуметтік қажеттілікке бағыттауды көздеп отыр.
Қазіргі таңда ел аумағындағы 785 жеке мектептің барлық құжаттары толық цифрлық форматқа көшірілген, бұл бақылау мен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді.