Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Курчатовта жаңа электр стансасы салынады

Жоба «таза көмір» технологиялары негізінде, будың аса критикалық бу параметрлері бойынша стансаның жұмыс режимімен іске асырылатын болады. Оның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді: құрылыс кезеңінде 4 000-ға дейін және станса пайдалануға берілгеннен кейін 400-ге дейін жұмыс орны.

Осы жоба аясында шығарындыларды тазарту мен сүзудің, сондай-ақ шаңды басудың заманауи технологияларын қолдануға ерекше назар аударылады. Жоба қолданыстағы Экологиялық кодекске және ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) нормаларына сәйкес, әлемдік стандарттар деңгейіндегі газ тазалау жүйелерін орнатуды көздейді.

Конденсациялық көмір электр стансасының құрылысы бюджет қаражатын тартпай, электр қуаты нарығының қолданыстағы механизмі шеңберінде жүзеге асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз